Өз басым жазушы, журналист және басылым жетекшісі ретінде императорлар немесе корольдер, президенттер, канцлер немесе сұлтандардың, кейбірі диктатор болған мемлекет қайраткерлерінің өмірі мен қызметін зерделедім. Бұл – елі үшін еңбек етіп, жауапкершілік жүгін арқалаған тұлғаларды тану үшін туған қызығушылық еді.
Бұл жолы мемлекет Көшбасшының өмірі туралы сыр шертпекпін. 30 жылдан астам уақыт бойы елін прогресс пен өркендеу жолына жетелеп, ұлт тағдырын берік қолмен басқарған адамды қалай лидер демессің?!
Егер тәуелсіздік алған сәттен бастап елдің дамуының қысқа кезеңіне қарайтын болсақ, Қазақстан көп нәрсеге мұқтаж болды. Кәсіби мемлекеттік аппарат, құқықтық мемлекет, индустрияландыру, тұрақты және болжамды экономикалық өсуден бастап, ел болып қалыптасу мен ұлт бірлігін нығайту бірінші кезекте тұрды. Бірақ Қазақстанды жан-жақты дамытып, аталған факторларды біріктіретін тұлға бар еді. Ол – Нұрсұлтан Назарбаев мырза! Нұрсұлтан Әбішұлы – 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет бүкілхалықтық сайлауда сайланған Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Н.Назарбаевтың ел тарихында орын алар айрықша дәуірі болды. Ол – халқы үшін бәріне дайын, жігерлі әрі белсенді тұлға. Қазіргі әлемдік саясат мықтыларының бірі Нұрсұлтан Назарбаевтың мойнында ұлттық рухты оятып, Қазақстанды жаңғырту жүгі тұрды.
Тәуелсіздік жылдарынан бастап қазақстандықтар оған жаңа Қазақстанды салу мен жобалауда сенім білдірді. Кейіннен нәтиже мен сенімнің тұстастығын уақыт көрсетті.
Оның егемендіктің негізін салуға, үйлесімді қоғам мен тиімді экономика құруға және ел дамуының басымдықтарын айқындауға бағытталған көпфункционалды қызметінің мазмұны мен мәні Елбасы деген сөзбен астасты. Бұл атауды қазақ халқы елін жаңаға бастаған, қазіргі тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаған тұлғаға арнады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи феномені ұлттың шығармашылық әлеуетін дамытып, қоғамды болашаққа күшті серпіліске жұмылдыра білді. Елбасының нақты жобалары жүйенің тұрақтылығын қолдауға, стратегиялық жоспарлауды, даму кезеңін қамтитын таза прагматикалық тәсілі елге 30 жылдан кем уақыт ішінде мемлекетке айтулы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Трансформацияның үздіксіз процесі мен қоғам өмірінің барлық саласында терең жүйелі реформаларға байланысты «қазақстандық ғажайып» ұғымы пайда болды. Ұғымның негізгі күші мен басты құрушысы – Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасының сарабдал саясаты мен стратегиясы Қазақстан экономикасын әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан экономикалардың қатарына қосты. Тұңғыш Президенттің еңбегі мен халық қолдауының арқасында Қазақстанның даму моделі әлемдік қоғамдастықта кеңінен танылды. Бұл модель терең эволюциясы бар мемлекеттің біртіндеп және сенімді дамуын көрсетті.
Шамалған ауылында дүниеге келген саясаткер 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы Жоғары техникалық оқу орнын бітірген. Ол экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, бірқатар ұлттық және шетел университеттерінің құрметті профессоры және құрметті докторы, сондай-ақ көптеген ғылыми кітап пен мақалалардың авторы.
1960 жылдан 1969 жылға дейін Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969-1979 жылдары комсомол мүшесі болып, Қарағанды облысының Теміртау қаласында, сондай-ақ осы аймақтың облыстық партия комитетінде жұмыс істеді. 1979-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК хатшысы болды. 1984-1989 жылдары Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. 1989-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы, 1990 жылдың ақпан айынан сәуір айына дейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.
Ол Қазақстан Республикасы құрылған сәттен бастап алғашқы бүкілхалықтық сайлау қорытындысы бойынша Президент болып сайланды. 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен кезектен тыс президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев айқын жеңіске жетті.
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 2019 жылғы 19 наурыздағы №887 Жарлығына сәйкес Нұрсұлтан Назарбаевтың Мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігі 2019 жылғы 20 наурызда тоқтатылды. Бұл шешімді ешкім күткен жоқ. Елін үшін аянбай еңбек етіп, нәтижеге жеткен Елбасының шешіміне халқы құрметпен қарады. Назарбаев жолын сенімді серіктесі, елдің жаңа Президенті болған Қасым-Жомарт Тоқаев мырза қабылдады.
2019 жылы 9 маусымда демократиялық сайлау кезінде Қазақстанда болдым. Сонда жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевты сайлау учаскесінде қарсы алып, қолын алдым. Жазушы болғанымен, осы сайлауға халықаралық бақылаушы ретінде қатыстым. Еркін сайлаудың әділ өткенін растай аламын.
Нұрсұлтан Назарбаев – «Қазақстанның болат профилі», «Оң және солсыз», «Ресурс үнемдеу стратегиясы және нарыққа көшу», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы», «Қоғамның идеялық шоғырлануы Қазақстан прогресінің шарты ретінде», «XXI ғасыр табалдырығында», «Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы», «Тарих толқынында», «Қоғамды трансформациялау және Еуразиялық өркениетті жаңғырту стратегиясы», «Әлемнің эпицентрі», «Сындарлы он жыл», «Еуразия жүрегінде», «Қазақстан жолы», «Постиндустриалды қоғамның қалыптасу стратегиясы және өркениеттер серіктестігі», «Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» кітабының авторы. Көптеген айтулы марапаты жеткілікті.
Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі күннің реформаторы ретінде даму жолын бетке алды. Тарихтың қиын кезеңдерін басынан өткізген, тумысынан текті әрі көшпелі өмірді мақсат еткен халықты басқарып қана қоймай, капиталистік қоғам құру жолында барын салды. Ол мемлекеттік тұжырымдаманың негізін өзгертетін бес негізгі реформаны жүзеге асырды. Елін жаңашылдыққа бастаймын, реформа еңгіземін дегендерге Нұрсұлтан Әбішұлының идеялары мен жолдаулары көмек болады. Болашақ ұрпақ үшін темірқазық болатын дүние жасады.
Флорентин СКАЛЕЦКИ,
журналист, адам құқын қорғау
жөніндегі румын ұйымының президенті
AMOS News газеті