Солтүстікте екпеден бас тартып жатыр
Солтүстікте екпеден бас тартып жатыр
184
оқылды

Соңғы кезде Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының арасында вакцинациядан бас тартуы көбейіп келеді.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, елдің вакцинациядан бас тартуы көбейіп келеді. Мәселен, екінші тоқсанмен салыстырғанда үшінші тоқсанда 276 адам екпеден бас тартқан. 

Департамент  басшысының орынбасары Татьяна Горлованың айтуынша, аймақтағы тұрғынның 83 пайызы, яғни басым бөлігінің басты себебі, жеке көзқарастарына байланысты. Онда да оның көпшілігі интернетте не болмаса әлеуметтік желілерде көзіне іліккен екпеге қатысты жағымсыз ақпараттарға сеніп, шешім шығарып тастайды. 

– Вакцина салдыру – қауіпсіз. Лицензияланған вакцина бірнеше сынақтан тұратын әр деңгейде мұқият тексеріледі. Содан кейін ғана ол қолдануға жарамды болып танылады. Көп жағдайда екпе салынған соң адамның қолы ауырып, ыстығы көтерілуі  мүмкін. Бұл – қалыпты жағдай. Бірақ ол тез басылады. Ал егер адам екпе салдыртпаса, ауруды тез жұқтырып, сырқатқа душар болатыны бәріне аян, – дейді ол.