Ақтөбеде газ қымбаттады
Ақтөбеде газ қымбаттады
183
оқылды

Ақтөбедегі жанармай бекеттерінде газ бағасы қымбаттады.

Жүргізушілердің айтуынша, желтоқсаннан бастап жанармай бекеттері газ бағасын 10-15 теңгеге көтере бастаған. Бұған дейін олар газдың бір литрін 55 теңгеден алып отырса, қазір 70 теңгеге өскен. Оған қоса, тасымалы үшін тағы баға қосады. Әсіресе, аудандардан толтыру қымбатқа шығады.

Табиғи монополиялар комитеті атағандай, заңға сәйкес бағаны ешкім реттемейді. Сондықтан әрбір кәсіпкер өзіндік құнын өз бетінше қоюға құқылы. Алайда, комитет бағаның негізсіз өсуін қатаң қадағалайды. Егер де бағаның ақылға қонымсыз болса немесе кәсіпкерлердің астыртын әрекетке барғаны анықталса, олар жауапқа тартылуы мүмкін.

https://youtu.be/_SSTmKdFeFA

– Олар бұл қадамын газды биржадан сатып алғаннан деп ақтап отыр. Әрине, биржада газ қымбат сатылады. Бір тоннасына 110 мың теңгеге жетеді. Егер олар бағаны көтеруге әдейі келісіп алса, онда айыппұлдан құтылмайды. Бірақ қазір бізді алаңдатып отырған басқа нәрсе. Еліміздің басқа аймақтары да осыған көшпесе екен дейміз. Бұған жол бермеуіміз керек, – деді Бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Сағындық Ерғалиев.