Қандасымыз Өзбекстанда «Жыл адамы» атанды
Қандасымыз Өзбекстанда «Жыл адамы» атанды
5,250
оқылды
Өзбекстан Ұлттық ақпараттық агенттігі – "ӨзА" жыл сайын ұйымдастырып келе жатқан марапаттау рәсімінде қандасымыз Расул Көшербаев «Жыл адамы» атанғанын мәлімдеді. Бұл туралы turkystan.kz сайты хабарлайды. Онда түрлі номинациялар бойынша дауыс беру арқылы жыл бойы үздік нәтижеге қол жеткізген мамандар марапатталды. «Жыл адамы» сауалнамасына ұсынылған үміткерлердің арасында көпшілікке етене таныс ӨР «Олий Мажлис» Заң шығару палатасының депутаты Расул Көшербаев ең көп дауысқа ие болып, «Жыл адамы» деп танылды. Руслан Қыдыралиұлы – Өзбекстандағы өзекті мәселелерді шешуге белсене атсалысуының арқасында беделді мәртебеге ие болып отыр. Былтырғы жылдың басында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстан Парламентте сөйлеген сөзінде Расул Көшербаевтың қызметін айырықша атап, «Жыл депутаты» деп бағалаған екен.