Теміржолшылар партия қызметіне жүгінді
Теміржолшылар партия қызметіне жүгінді
594
оқылды
Елбасы ұсынған партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасының негізгі міндеттері Сыр өңірінде қарқынды жүргізіліп жатыр. Осы міндеттердің бірқатары партиямыздың негізі болып табылатын бастауыш ұйымдардың жұмысына тікелей байланысты. Яғни, бастауыш партия ұйымдардың ашық форматқа көшуі, тұрғындармен «кері байланыс» жұмысын нығайтау бірінші кезекте. Осы орайда Қызылорда облысының партия филиалы 20-ы қаңтар мен 20-ы ақпан аралығын тұрғындармен кері байланыс орнатудың құралы ретінде барлық бастауыш партия ұйымдарында «Ашық есік күнін» өткізуді жоспарлаған еді. Осы төрт күн ішінде 30 бастауыш партия ұйымы «Ашық есік күнін» өткізіп, жергілікті тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдауда. Бүгін «Теміржол» партия филиалына қарасты «Локомотив пайдалану депосы» бастауыш партия ұйымында өткен акцияға Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова да қатысып, ұйым мүшелерімен бірге теміржолшы қызметкерлердің талап тілектерін тыңдады. Әлеуметтік желілерде жария етілген акцияға сонау Арал, Қазалы ауданынан сонымен қатар, Сексеуіл кентінен арнайылап келген теміржолшылар да болды. Басым бөлігі машинист көмекшісі болып қызмет істеп жүрген жастар. Олар обылыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасарынан осында пәтер жалдап тұрып, жұмыс жасап келетіндерін айтып,тұрғылықты мекен жайына қарай жұмыстарын ауыстыру мүмкіндігін қарастыруға ықпал етуін сұрады. Бұл сауалдарға «Теміржол» партия филианың төрағасы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Қызылорда жол бөлімшесі» филиалының директоры Аманкелді Арысбаев жауап берді. – Бұл жігіттерді түсінемін. Алайда қазіргі таңда олардың тұрғылықты мекенінде орналасқан Қазалы, Сексеуіл локомотив пайдалану деполарында машинист көмекшісі қызметіне орын жоқ. Болған жағдайда да конкурс арқылы ұйымдастырылады. Қазір бір орынға 30 азамат резервте тұр. Егер шын қиындық туындататын болса, слесарь мамандығы арқылы ауысуға мүмкіндік бар.Әрине, айлық табысында өзгерістер бар. Дегенмен, осындағы пәтер жалдау, жүріс-тұрыс, экологиялық өтемақы секілді мәселелерді есептегенде шамаласып калады. Оның үстіне үйден кіріп-шыққанға не жетсін,– деді Аманкелді Арысбаев. Келесі келген азамат теміржол саласында 22 жылдан аса қызмет істеп, бүгінде қант диабеті салдарынан бір аяғынан айрылып үйінде отырған әріптесінің отбасына қаржылай көмек сұрап келді. Оның айтуынша ол азаматтың 4 баласы бар, жұбайы жұмыссыз, ақылы жасатқан отасына қаржылай көп көмек керек екен. Бұл мәселе де ашық есік күні аясында қолдау табатын болды. БПҰ төрағасы Жұлдызбай Мұсаев ұжымдық шартқа сәйкес 200АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетілетін айтып, кәсіподақ комитеті тарапынан да қаржылай көмек алу үшін өтініш жазуға кеңес берді. Әрі қарай Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова тепловоз машинистерінің іс- сапарға дайындығын бақылау мақсатында депо ауласында орналасқан Локомотив бригадаларының демалыс үйінде болып, олардың жағдайларымен танысты. Ұжым күшімен жабдықталған теміржолшылардың мұражайын да атап өтпеді. Ел экономикасының күре тамыры болып саналатын теміржол тарихына үңіліп, ондағы тілек кітапшасына өзінің қолтаңбасын қалдырды. Жалпы «Локомотив пайдалану депосы» бастауыш партия ұйымында өткен «Ашық есік күніне» 8 азамат келіп өтініш білдірді.  width=  width=