Еліміздің ең басты мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік марапаттар табыстады.
Марапаттау – ғұмырын Отанға адал қызмет етуге арнаған тұлғалардың еңбегін лайықты бағалау.
Салтанатты шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденін өз қолымен Тұңғыш Президенттің көмекшісі Абай Бисембаевтың кеудесіне тақты.
Көрнекті мемлекет және ғылым қайраткері, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
– 2019 жылы халық болып, азаттығымыздың 28 жылдығын мерекелейміз. Отан алдындағы зор қызметін бағалап, Тәуелсіздік күні қарсаңында Президент ел азаматтарына награда тапсырды. Мен сіздерді ордендеріңізбен құттықтаймын! Еліміздің игілігі жолында ары қарай еңбек етуді жалғастырыңыздар, – деді Елбасы.
Елдос СЕНБАЙ