Қуат ЕЖЕМБЕК: Бұл сайлау бұрынғыдан өзгеше
Қуат ЕЖЕМБЕК: Бұл сайлау бұрынғыдан өзгеше
334
оқылды
– Таңғы сағат 7-ден бастап  №175 сайлау учаскесінде тәуелсіз бақылаушы болып отырмын. Сайлау әнұранмен басталды. Ешқандай тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ. Дауыс беруге келген жұрттың көңіл-күйі жақсы. Ауызбіршілік танытып, азаматтық позициясын білдіру үшін осында келіп, сайлауға қатысып жатыр. Байқағаным, үлкен кісілер ертемен келеді екен. Қазіргі дейін 200-ге жуық адам келіп дауыс берді. Жасы 18-ге толып, алғаш рет сайлауға қатысып жатқандар мен жасы 80-нен асқандарға ұлы хакім Абайдың кітабы сыйға беріліп жатқаны қуантты. Бұл да руханиятқа қосылған үлкен үлес деп білеміз. Биылғы сайлаудың бұрынғылардан ерекшелігінің бірі де осы шығар. Ал енді санитарлық талаптарға келсек, қатаң сақталуда. Еден қайта-қайта жуылып, бәріміз маска, қолғаппен жүрміз. Антисептиктер де қойылған. Арақашықтық сақтау нормасы да орындалып жатыр. Әр қазақстандықтың сайлауға қатысып, өз таңдауын жасайды деп ойлаймын. Бұл бірінші де, соңғы да сайлау емес. Азаматтардың белсенді кірісіп, кемел келешек, жарқын болашақ үшін дауыс беруде.