Финалда қазақстандық балуан Моңғолия спортшысы Ариунул Болдбаатармен чемпиондық атаққа таласады.
Айша Әбдімәлік әлем чемпионатының финалында алтынға таласады
146
оқылды

Қазақстандық балуан Айша Әбдімәлік Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Айша жартылай финалда Грекия өкілі Василики Каравануды айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль үшін күресу мүмкіндігіне ие болды.

Финалда қазақстандық балуан Моңғолия спортшысы Ариунул Болдбаатармен чемпиондық атаққа таласады.

Ал 49 келіге дейінгі салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық балуан Аянат Мейнамбай қола жүлде үшін белдеседі. Оның жұбаныш белдесуіндегі қарсыласы кейінірек белгілі болады.