Бердібек Сапарбаев өз таңдауын жасады   

Бердібек Сапарбаев өз таңдауын жасады   

Жамбыл облысының тұрғындары сайлауға белсенді  қатысуда. Алғашқылардың бірі болып таңертең облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та  №35 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

  – Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Әрбір азамат елдің ертеңі үшін ерікті түрде  өз таңдауын жасап жатыр. Менде өзім сенім артқан партияға дауыс бердім. Одан бөлек тәуелсіз бақылаушылармен тілдесіп, санитарлық талаптарды да көріп шықтым. Өздеріңіз естігендей бақылаушылар сайлаудың ашық өтіп жатқанын, ешқандай кедергілер туындап отырмағанын айтуда. Сондықтан барлық жамбылдықты кешке дейін сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырамын, – деді облыс әкімі дауыс беру рәсімінен кейін.
Журналистер  сайлау учаскесінде Бердібек Машбекұлының коронавирус дертіне қарсы салдырған вакцинадан кейінгі жағдайын да сұрады.
– Вакцинаның ешқандай кері әсері болған жоқ. Өзімді жақсы сезінемін. Негізі отандық вакцина қазір тестілеудің үшінші сатысынан өтіп жатыр. Сондықтан жерлестерімді ештеңеден қорықпай, екпе егуге шақырамын. Оған дәлел ретінде менің жағдайымды көрсеңіздер болады. Денсаулығым өте жақсы, – деді Б.Сапарбаев.

 Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы