АҚШ-тың Миннесота штатындағы Миннеаполис қаласында және елдің өзге өңірлерінде иммиграциялық қызметтің (ICE) әрекеттеріне қарсы жаппай наразылық өтті.
Наразылыққа федералдық агенттердің соңғы операциялары, соның ішінде Миннеаполисте болған адам өліміне әкелген оқиға түрткі болған. Шеруге шыққандар ICE-тің күш қолдану тәсілдерін тоқтатуды, иммиграциялық саясатты қайта қарауды және жауапты тұлғаларды жазалауды талап етті.
The Washington Post дерегінше, кейбір штаттарда наразылық акциялары жұмысқа шықпау, сабақ пен сауданы уақытша тоқтату форматында өтті. Қоғам белсенділері билікке қысымды күшейтуді көздеп отыр.