Қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері және екі дүркін Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл өз таңдауын жасады. Шымкент қаласындағы №283 сайлау учаскесіне барып, Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына қатысқан спортшымыз өз пікірімен бөлісті.
– Бүгін мемлекет үшін айтулы күн екенін білемін. Сондықтан ел болашағы үшін мен де өз таңдауымды жасадым. Бұл ретте еліміздің барша тұрғынын сайлауға қатысуға шақырамын, – деді ол.
Н.НАЗАРБЕК