ҚазМЗУ бастамаға үн қосты

ҚазМЗУ бастамаға үн қосты

Елбасы – Nur Otan пар­тия­сының Төрағасы Нұрсұл­тан Назарбаев 29 қа­рашада Орталық Азия мемлекет басшыларының консультативтік кеңесінде аймақтағы әр елден кел­ген студенттерге Қазақ­станның үздік универси­тет­терінде білім алу үшін 10 грант бөлуді ұсынған болатын. Бұл бастамаға бірінші болып еліміздегі жетекші университеттің бірі – ҚазМЗУ үн қосты.

ҚазМЗУ басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев Қазақ мем­ле­кеттік заң университетінде Өзбек­станның орта мектеп түлектеріне білім алуға және жатын орынға 10 гранттың бөлінетіндігін жария ет­ті. Ол бұл туралы Scopus Award – 2019 сыйлығын табыстау шарасы аясында Өзбекстан премьер-ми­нистрінің орынбасары А.Абду­хакимов пен Өзбекстанның халыққа білім беру министрі Ш.Шерматовпен кездесуінде айтты. Іс-шарадан соң ҚазМЗУ Ташкент мемлекеттік заң уни­вер­ситетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

– Бұл – оқытушылар мен студенттердің академиялық ұт­қыр­лығы, сондай-ақ өзбек әріп­тес­терімізге консультативтік, әдіс­темелік көмек көрсету туралы ортақ келісім. Тәуелсіздіктің 28 жылы ішінде Қазақстан шетелдік инвестицияларды тартудың үлкен тәжірибесіне ие болды, ол үшін Азаматтық кодекске айтарлықтай өзгертулер енгізілді, – деді Талғат Нәрікбаев.

Ол сонымен қатар Астана халықаралық қаржы орталығымен тығыз байланыста екенін және университет базасында Лондон заң университеттерінің бірінің филиалын ашқысы келетінін тілге тиек етті.

– Біз Елбасының ұсынысын дамытқымыз келеді. Сол мақсатта Түркіменстан елшісімен сол елдің студенттеріне грант бөлу туралы келіссөздер жүргіздік. Елші бұл бастаманы оң қабылдады және оны толық қолдайтынын жеткізді. Келер жылы біз Түркіменстанға барып, университетіміздің мүмкіндіктерімен таныстыруды жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті Талғат Мақсұтұлы.

Әңгіме барысында мемле­кеттік және ұлттық университет­тердегі профессорлар мен оқы­ту­шылардың жалақысының тө­мен­дігі және жоғары оқу орында­рындағы өзге де күрмеулі мәсе­лелер айтылды.


Әбілмансұр ЖАСАН