Ел ішіндегі сайлаушылардың 63,1% дауыс берді – Орталық сайлау комиссиясы
Ел ішіндегі сайлаушылардың 63,1% дауыс берді – Орталық сайлау комиссиясы
312
оқылды
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20.00-ге дейін ел ішіндегі электораттың 63,1%  сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру бюллетенін алды. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина хабарлады. Электораты ең белсенді өңір ретінде Солтүстік Қазақстан облысы алға шықты. Бұл өңірдегі сайлаушылардың 75% астамы сайлау учаскесіне барды.     
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетенін  сайлаушылардың 63,1 % алды», – деді Сәбила Мұстафина ОСК-ның арнайы брифингінде.
Оның айтуынша, Ақмола облысы бойынша – 72,8  % Ақтөбе облысы бойынша –  57,7 % Алматы облысы бойынша –  73,5 % Атырау облысы бойынша – 55,5  % Батыс Қазақстан облысы бойынша –  61,5 % Жамбыл облысы бойынша – 72,2  % Қарағанды облысы бойынша –  70,7 % Қостанай облысы бойынша –  71,8 % Қызылорда облысы бойынша – 72,7  % Маңғыстау облысы бойынша –  54,0 % Павлодар облысы бойынша –  71,3 % Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –  75,5 % Түркістан облысы бойынша –  65,8 % Шығыс Қазақстан облысы бойынша –  72,4 % Нұр-Сұлтан қаласы бойынша –  45,1 % Алматы қаласы бойынша –  30,3 % Шымкент қаласы бойынша –  56,5 % электорат дауыс берді. Келесі шұғыл ақпарат сағат 22.00-де баяндалады.  width=