Саяси науқан өз деңгейінде өтіп жатыр

Саяси науқан өз деңгейінде өтіп жатыр

Шымкент қаласындағы Арайлым балабақшасында орналасқан №282 сайлау учаскесіндегі Nur Otan партиясының сенімді өкілі Асан Сәмет бүгінгі сайлаудың қалай өтіп жатқанын айтып, ой бөлісті.

«Бүгін еліміздегі саяси науқан өз деңгейінде өте жақсы өтіп жатыр. Таңертең өзімізді куәландыратын құжаттарды алып келіп, бекітілген сайлау учаскелеріне жайғастық. Пандемия жағдайына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды толық сақтай отырып жұмысқа кірістік. Шымкент қаласындағы өзім бақылауда ұстап отырған 10 сайлау учаскесі таңғы сағат 6.00-де ашылып, тұп-тура 07.де дауыс беру сәті басталды. Сағат 20.00-ге 5 минут қалғанда кезекшілерге ескертіп, дауыс беруді тоқтатамыз. Сағат 20.00-де бюллетеньдерді санаймыз. Жанымызда бізбен бірге өзге де партия өкілдері бар. Олардың ішінде «Халық», «Ақ жол» партиялары  мен «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінен және Азаматтық Альянс мүшелері де бар.  Сонымен қатар екі бақылаушы бар», – дейді ол. 
№282 сайлау учаскесіндегі 2 678 дауыс берушінің 50 пайызы дауыс беріп үлгерген.

Н.НАЗАРБЕК