Комиссия жұмысына кедергі келтірген 10 байқаушы ғимараттан мәжбүрлі түрде шығарылды – ІІМ өкілі
Комиссия жұмысына кедергі келтірген 10 байқаушы ғимараттан мәжбүрлі түрде шығарылды – ІІМ өкілі
278
оқылды
Комиссия жұмысына кедергі келтіріп, сайлау учаскелерінде болу тәртібін сақтамағаны үшін 10 байқаушы ғимараттан мәжбүрлі түрде шығарылған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Запаров  Орталық коммуникациялар қызметіндегі  кезекті брифингте хабарлады.   Оның айтуынша, сайлау учаскелерінің басым бөлігі өз жұмысын аяқтады. Дауыс беру процесі аяқталған жерлерде жергілікті комиссиялар бюллетендерді санауға кірісіп кетті. Ішкі істер органы қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастырып жатыр. Олар қоғамдық тәртіп сақтаумен қатар сайлау учаскелеріндегі бюллетеньдер мен хаттамалардың аудандық, облыстық комиссияларға еш кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз етуде.
«Науқан кезінде сайлау учаскелерінде түсініспеушілік туғызған түрлі оқиғаларды ескермегенде айтарлықтай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Мәселен, карантин нормалары күшейтілген кейбір қалаларда сайлау комиссияларының төрағалары толтырған актілерге сәйкес, санитарлық шектеулерді бұзғаны  және комиссия жұмысына кедергі келтіріп, сайлау учаскелерінде болу тәртібін сақтамағаны үшін 10 байқаушыны ғимараттан мәжбүрлі түрде шығаруға тура келді», – деді А.Запаров.