Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Сенат депутаттары мен аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттарды табыс етті.
Қазақстан Президентінің Жарлығымен мемлекетке сіңірген еңбегі үшін сенатор Төлеубек Мұқашев ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Сенат депутаттары Мұрат Бақтиярұлы, Ғұмар Дүйсембаев, Манап Көбенов, Марат Тағымов және Сенат аппаратының басшысы Серік Сыдықовтың еңбектеріне орай оларға «Парасат» ордені берілді.
Бұдан бөлек, салтанатты жиында өзге ұйымдардың марапаттары да ұсынылды. Парламентаралық ассамблея қызметіне белсенді қатысқаны үшін ТМД ПА қаулысымен сенаторлар Владимир Волков пен Ерболат Мұқаев «Достастық» орденімен марапатталды. Сенат депутаттары Серік Бектұрғанов пен Әлімжан Құртаевқа «Парламенттік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» медалі, Дәурен Әділбеков, Нұрлан Бекназаров, Абдалы Нұралиев, Нұржан Нұрсипатовқа Құрмет грамоталары берілді.
Нұрлан Бекназаров, Бекмырза Еламанов, Манап Көбенов, Бақтыбай Шелпеков, Динар Нөкетаева, Рысқали Әбдікеров пен Михаил Бортникке Сенат Төрағасының Алғысхаттары мен Nur Otan партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгілері табыс етілді.
Ерік ЕРДЕНОВ