Ассамблеядан Мәжіліске сайланатын 9 депутат анықталады.
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек дауыс берді.
Еске сала кетейік, Орталық сайлау комиссиясына ассамблея атынан ұсынылған кандидаттар тізімі:
ҚХА-дан сайланған, Мәжілістің VІ шақырылымының депутаты Сауытбек Әбдірахманов;
Батыс Қазақстан облыстық «Масис» армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аветик Амирханян;
Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі Ильяс Буларов;
«Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей мектебі» КММ директоры Наталья Дементьева;
«Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» ЗТБ төрағасы Юрий Ли;
«Барбанг» күрдтер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Вакиль Набиев;
«Қазақстан татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Шамиль Осин;
«ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов;
«Әзербайжандықтар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абилфас Хамедов.
Бүгін ассамблея мүшелерінің 50 пайыздан астам дауысын жинаған кандидаттар Мәжіліс депутаты атанады.