Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттарға және аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды. Салтанатты шара барысында палата спикері еліміздің 28 жыл ішіндегі табыстары Елбасы Н.Назарбаевтың ерен еңбегінің жемісі екенін айтты.
Бұл стратегиялық бағытты бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып келеді.
Тәуелсіздік табыстарына депутаттық корпустың да қосқан үлесі зор. Мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Мәжіліс депутаттары Асқар Базарбаев пен Глеб Щегельский «Парасат» орденіне, Мәжіліс аппараты басшысының орынбасары Дархан Медеубай «Құрмет» орденіне ие болды. Ал «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалі Иван Клименкоға, Мансурхан Махамбетовке, Тарас Хитуовқа, Петр Шарапаевқа табыс етілді.
Қазақстанның Құрмет грамотасы аппарат қызметкерлері Асқар Жақыповқа, Марат Садықовқа және Айнаш Тәшімоваға берілді. Мәжіліс Төрағасы, сондай-ақ депутаттарға ТМД Парламентаралық ассамблеясының және ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының наградаларын табыс етті.
Елдос СЕНБАЙ