Күйеуі қуып жіберген келіншек құдықта күн кешуде
Күйеуі қуып жіберген келіншек құдықта күн кешуде
252
оқылды

Ақсуға тұрмысқа шыққан ол Ақтаудағы ата-анасына жете алмай жүр.

Бейнеролик YouTube хостингіндегі "Культурный 14 РЕГИОН" арнасында жарияланған. Видеоның авторы үй-күйсіз жүрген адамдарға көмектесу үшін азық-түлік сатып алып, жақын маңдағы кәріз құдығына барады. Ол жерді Айнұр атты келіншек пен оның достары мекен етеді. Әңгіме барысында ғәріптердің не себепті бұл хәлге түскенін анықтаған.

Айнұр бұрын Ақтау қаласында тұрған. Кейін Ақсу қаласына тұрмысқа шығыпты. Біраз уақыт өткен соң күйеуі оны үйден қуып жіберген. Содан бері осы құдықты мекендеп келеді.

«Итке де «Кет!» - десе кетеді ғой. Бір емес, бірнеше рет кешірдім», – деп жылап жіберді Айнұр.

Ол соңғы жылдары басынан қиындық көп өткергенін, осылай күнелтуге мәжбүр екенін де жеткізді. Видео авторлары Айнұрдың ата-анасына телефон соғып, қызының қиын жағдайда қалғанын айтады. Келіншек телефон арқылы анасынан көмек сұрап, жолына ақша сұрап жалынды.

Анасы қызынан тұтқында отырмағанын сұрап бәйек болды. Алайда Айнұр далада қалғанын, ақшаны үйге жету үшін сұрап отырғанын айтып ақталды.

Оқиғаның немен аяқталатыны әлі белгісіз. Бірақ бейнеролик авторлары байқұс келіншектің туыстары оны алып кетіп, Айнұр бұдан кейінгі өмірін жылы үйде өткізеді деп үміттенеді.

https://youtu.be/ulHBPPbhtdQ