Маңызы жоғары күн болды
Маңызы жоғары күн болды
168
оқылды

Елімізде алдағы онжыл­дықтағы өркендеуге қадам жасалған  маңызды күн өтті. Сайлау еліміздің  әлеуметтік-экономикалық бастама­ларын табысты жүзеге асы­рып, өсіп-өркендеуіне тың серпін беді. Онда  көшбасшы партиямыздың жеңіске жетуі – елге ортақ қуаныш.

Бүкіл дүниежүзін шарпыған коронавирус пандемиясы өмірі­мізді өзгертті. Өзгертіп қоймай, көптеген мәселеге басқаша қарау­ға мәжбүрледі. Бастысы, адамның ең басты құндылығы оның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік. Кәсіпкерлік салада жұмыс істей­тін болғандықтан да біз панде­мияның бизнестің экономикалық белсенділігін қалай төмендеткенін көрдік. Пандемия кесірінен  шектеулер де, жұмыстан қысқар­тулар да болды. Осы аталған олқы­лықтарды жою үшін дағ­дарысқа қарсы шараларды жүзеге асырып, маңызды қадам жасалуы керек. Атап айтқанда, жаңа заң, нормативтік-құқықтық актілер, шешімдер қабылдануы қажет. Халыққа елдің бірлігі, тыныш­тығымен бірге тұрақты жұмыс, әлеуметтік кепілдік, са­палы білім, жоғары деңгейдегі меди­циналық көмек, жақсы инфра­құрылым қажет. Ол үшін, сөз жоқ, тиісті заңдар мен рефор­маларды жүзеге асыратын жаңа Парламент керек. Ал өз кәсібін ашып, ұршықша иіргісі келетін кәсіпкерлер елдегі тұрақтылықты қалайды. Міне, осы кезде түрлі инвестицияларды тартып, сан алуан  жобаларды жүзеге асыруға болады. Мұндайда экономикалық белсенділік артады. Бұл, әсіресе  «Nur Otan» пар­тия­сының жеңіске жетуімен мүм­кіндік болатыны сөзсіз. Еліміздегі көшбасшы партияға дауыс берген әр азаматтың арманы – елдің амандығы, қоғамда  өркениетке қадам басарлық игі жұмыстардың атқарылуы, осылайша елдегі тұрақ­тылық пен әлеуметтік-эко­номикалық жағдайды дамыту. Елі­мізде өткен сайлаудың ерек­шелігі – әділ таңдауға мүмкіндік беретін праймериздің ашық өткізілуі. Бұл сайлауда жастарға ерекше мүмкіндік берілді.  Нәти­жесінде, халық елімізде жаңаша көзқарасты, ілімді жастардың барын көрді. Оларға тілектес болды. «Nur Otan» партиясының алда­ғы 5 жылдыққа арнаған ай­қын бағдарламасына халық үміт­теніп, сенім артты. Алдағы онжылдықта көш­басшы партия өз уәдесіне тұрып, елімізде тұрақтылық пен бей­біт­шілік, экономикалық және әлеу­меттік тұрғыда даму болатыны  сөзсіз.

Абдолла ІДІРІСОВ, Атырау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры