Каспиден табылған игуананың сыры ашылды
Каспиден табылған игуананың сыры ашылды
210
оқылды

Ақтаудың 1 ықшам ауданында жұртты шошытқан жәндіктің иесі бар болып шықты.

Бұл туралы ақтаулық «Лада» сайты хабарлады. Теңізден өлі денесі табылып жұртты әбігерге түсірген игуананың иесі оны он күн бұрын сол маңайға апарып көмгенін айтқан.

« екі аптадай бұрын анам игуананың тамақ жеуден, қимылдаудан қалғанын байқайды. Ол жәндіктің бір жері сынған болар деп, рентгенге түсірді. Нәтижесінде оның сүйектері сау, бірақ асқазанында бөтен зат бар екенін анықтадық. Ветеринарлық клиникалардың біріне апарып ота жасатып, ішінен сабанды алып шықтық. Үш күн бақылауда болды. Кейін анам үйге әкелген соң игуана өліп қалған. Анам қатты қайғырып жылады. Сосын жағалауға апарып көмдік. Оны ит немесе мысық қазып алуы мүмкін екені ойымызға да кірмепті. Жәндік өлген соң далаға лақтырып тастаған деп ойламаңыздар. Анам барлық тіршілік иесін жақсы көретін мейірімді адам», – деп жазады Алёна Денисова.

Бұған дейін желіде теңіз жағасынан белгісіз жәндіктің денесін тауып алғаны туралы бейнеролик тарап кеткен еді. Артынша аймақтағы белсенді азаматтар игуанадан құтылу үшін иесі далаға лақтырып жіберуі мүмкін деген қортындыға келген болатын.

https://youtu.be/Dt5XfMXi56M

https://youtu.be/o3kSBb2JHKw