15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы.
Қазгидрометтің хабарлауынша республиканың көп бөлігінде күн салқындайды. Метеорологтар мұны антициклонмен байланыстырып отыр.
Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қар жауады. Оңтүстік шығыста түнде қар күшейе түспек. Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейіп, боран соғады деп күтіледі.
Алматы, Қызылорда облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеймек.
Жамбыл облысында да тұман түсіп, көктайғақ болады. Бұрқасын соғады.
Түркістан облысында тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Боран соғады.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында да тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, бұрқасын соғады.
Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысында тұман түседі.
Атырау облысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.