Гурбангулы Бердымухамедовтың шеберлік сағаты Олимпиада қалашығының спорт кешенінде өткен.
Бұл туралы "Алтын ғасыр" ақпарат агенттігі хабарлады. Түркіменбашы Олимпиада қалашығының спорт кешенінде болып, боулинг және жаттығу залдарын аралаған. Дәл осы жерде ол қасындғы серіктеріне жаттығу жүргізген. «Түркіменстан хабарының» айтуынша, олардың қатарында Ұлттық қауіпсіздік министрі, ІІМ басшысы, бас прокурор, Кеден қызметінің басшысы және өзге де шенділер болған.
«Біздің басты мақсатымыз – халықтың денсаулығын қорғап, оны нығайта түсу. Қоғамда спортты насихаттау», – деді Түркіменстан басшысы. Сондай-ақ ол бұқаралық спортты, олимпиадалық қозғалысты дамытуға қаржы көп бөлініп жатқанын да ескертті.
"Алтын ғасыр" ақпарат агенттігі Олимпиада қалашығы халқаралық стандарттарға сай екенін атап өтті. Қалашықтағы спорт кешендер қажетті заманауи құрылғылармен жабдықталған. Ашхабадта 2020 жылы самбодан әлем чемпионатын, ал 2021 жылы велотректен әлем чемпионатын өткізу жоспарланған.
https://youtu.be/huiFSeMVRkg