Ауа райына байланысты үш облыста жол жабылды
Ауа райына байланысты үш облыста жол жабылды
110
оқылды

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыт бойынша жол жабық.

Қостанай облысында Екатеринбург-Алматы (Сарыкөл кентінен Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске) және Мамлютка-Қостанай (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасынан Ұзынкөл ауылына дейінгі учаске) бағытындағы жол жабық. Ақмола облысында Көкшетау-Рузаевка (Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске), Көкшетау-Омбы (Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске), Нұр-Сұлтан-Петропавл (Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске), Макинск-Ақсу-Торғай (Макинск селосынан Торғай селосына дейінгі учаске) бағытындағы жол жабылды. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты құтқарушылар алыс сапарға жолға шықпауды ескертеді.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, Қазақстанда ауа температурасы -36 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.