Коронавирустың «британдық» штамы пандемияның жаңа толқынын туғызуы мүмкін
Коронавирустың «британдық» штамы пандемияның жаңа толқынын туғызуы мүмкін
184
оқылды
Коронавирустың «Британдық» штаммы COVID-19 пандемиясының жаңа толқынын тудыруы мүмкін. Wellcome Trust қоры мен Базель университеті қызметкерлерінің пікірінше, бұл құбылысты тек қатаң шектеу шараларымен тоқтатуға болады, - деп хабарлады ВАК B.1.1.7 штаммы әдеттегіден 50-70% жұқпалы болып келетіндігі белгілі. Ғалымдар аталған штамның адам денсаулығына қауіптілігі әлі дәлелденбегеніне қарамастан, оның жоғары жұқпалылығы алаңдаушылық туғызатынын айтқан. ⠀ Мутация таралған елдерде қайғылы гипотеза қазірдің өзінде расталуда. Ирландияда коронавирус жұқтырғандардың төрттен бірінде B.1.1.7 штаммы анықталған. Данияда да осындай жағдай орын алуда. Сонымен қатар ғалымдар Оңтүстік Африкада пайда болған B.1.351 деп аталатын жаңа мутацияға зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.