Шымкентте Nur Otan партиясының филиалында Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай мерекелік шара өтті. Салтанатты жиында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, қоғамдық өмірге белсенді атсалысып жүрген қарттар марапатталды.
Партия филиалының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов партия белсенділерін еліміздің ұлық мерекесі-Тәуелсіздік күнімен құттықтау сөз сөйлеп, ұлық мерекенің маңыздылығына тоқталды. Еліміздің еңсесін көтеріп, іргесін бекіте түсуіне елеулі үлес қосып келе жатқан азаматтардың еңбегін атап өтті. «Тəуелсіздік күні – Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Біз бабалар аңсаған бейбіт және тәуелсіз елде өмір сүріп отырмыз. Ынтымақты – ұран, татулықты – ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Бір шаңырақтың астында тұрып жатқан барша халқымыздың достығы берік, бірлік мәңгі жасай берсін. Әрбір отбасыға бақыт, отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолында табыс тілеймін», – деді Б.Нарымбетов.
Партия филиалының бірінші орынбасары сондай-ақ, партия бағдарламаларын орындауда белсенділік танытып, ел игілігі жолындағы бастамаларды іске асыруда еселі еңбек еткен бірқатар азаматтарды марапаттады.