Ақтаулық спортшы Еуропа чемпионатынан үш алтын еншілеп қайтты
Ақтаулық спортшы Еуропа чемпионатынан үш алтын еншілеп қайтты
233
оқылды

Ильдар Ягъяевтың қоржынында тағы бір қола жүлде бар.

Стритлифтингтен Еуропа біріншілігі 14-15 желтоқсан күндері Мәскеуде өтті. Жарысқа Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Чехия, Эстония, Алжир, Бельгия, Италия, Польша, Испания мен Ұлыбританиядан 195 спортшы бақ сынаған. Біздің елдің намысын жеті адам қорғады. Солардың ішінде көзге түскен 75 келі салмақ дәрежесіндегі ақтаулық Ильдар Ягъяев болды.

Ол бірінші алтынын классикалық стритлифтинг нұсқасы бойынша жеңіп алды. Отандасымыз қос сырықтан кеудені көтеру мен кермеге тартылудан да алдына жан салған жоқ.

Ильдар Ягъяев алда Германия мен Украинада өтетін екі әлем чемпионатында да бақ сынауды жоспарлап отыр.

https://youtu.be/1e0pHZ-F8mY