Ақтөбе халық саны бойынша төртінші орынға көтерілді
Ақтөбе халық саны бойынша төртінші орынға көтерілді
239
оқылды

Қазір облыс орталығында жарты миллион адам тұрады.

Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады. Ақтөбе адам саны бойынша қарағандыны басып озған. Қазір мұнда жарты миллионға жуық тұрғын бар. Халықтың өсуі негізінен бала тууымен байланысты. Соңғы жылдары аймақта бұл көрсеткіш күрт өскен. Сондықтан болашақта бұл қала да миллионыншы тұрғындар пайда болады деп күтілуде.

Дәрігерлер қазір төрт-бес баласы бар отбасылар жиі кездесетінін айтады.

Бала туу көрсеткішінің артқанын статистика департаменті де растап отыр. Бірақ Ақтөбеден қоныс аударушылар саны да көбейіп келеді. Биыл қалаға 28 мың адам көшіп келсе, көшкендер саны 30 мыңға жеткен. Ақтөбеліктер көбіне Ресей мен Беларусь мемлекеттерін таңдайды екен. Тіпті Қытай, Германия мен Латвияға да қоныс аударатындар бар екен.

« 1 қазан күнгі есеп бойынша Ақтөбе халқының саны 497 мың 381 адам. 2019 жылдың тоғыз айында 9181 нәресте, 2018 жылдың тоғыз айында 8321 нәресте дүниеге келді. Көрсеткіш 10% өскен. Ал қоныс аударушылар көшіп келушілер санынан артық», – деді Ақтөбе облысы статистика департаментінің жетекші маманы Ұлболсын Матаева.

Бірақ бұған қарамастан мамандар келесі жылы облыс орталығының тұрғындар саны 500 мыңнан асады деп отыр.