Елорда тұрғыны қардан ерекше мүсіндер жасап жүр (Видео)
Елорда тұрғыны қардан ерекше мүсіндер жасап жүр (Видео)
311
оқылды

Оның өнері желі қолданушыларын тәнті етті.

Instagram желісіндегі zhaloby_astana парақшасында жарияланған бейнеролик мыңдаған пікір мен лүпіл жинап үлгерген. Жазбаның астында: «Шәмші Қалдаяқов көшесі 11 үйдің тұрғыны ( Өкінішке орай атын білмеймін) қардан осындай әдемі мүсіндер жасап жүр. Айналасындағы адамдарға қуаныш сыйлағаны үшін бұл кісіге алғыс айтқым келеді», – деген пікір бар. Бейнеролик пен суреттерден шебердің қабырғаға құстардың, арыстанның, түйелер мен домбыра ұстаған адамның бейнесін салғанын көруге болады. Оның бұл әрекеті елорда тұрғындарын да бей-жай қалдырған жоқ. Жазбаны он мыңнан астам адам ұнатқан.