17 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамы
17 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамы
5,249
оқылды

Республиканың көп бөлігінде антициклон сақталады.

Соның әсеріне еліміздің батыс және солтүстік-батыс аймағынан басқа облыстарда қар жаумайды. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, қатқақ болады. Солтүстік және солтүстік батыста жел күшейеді. 17 желтоқсан күні Қостанай облысында күн ала бұлтты болады. Жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстіктен 10 м/с жел жоғады. Түнде сынап бағаны -9, күндіз – 12-ге дейін төмендемек. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында да кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман түседі.