«Хабар 24» арнасының хабарлауынша, Жапония мен Жаңа Зеландияда қатты жер сілкінісі болды.
Жаңа Зеландияның Рауль аралында 5,9 балдық жер сілкінісі тіркелген. Зілзаланың эпицентрі аралдың оңтүстік-батысына қарай 80 шақырым жерде болған. Негізгі ошағы он шақырым тереңдікте орналасқан. Ал Жапонияда 5,0 балдық жер сілкінісі тіркелген.