Дүниежүзілік банк Қазақстанның 2020 жылғы экономикалық қарқынына болжам жасады
Дүниежүзілік банк Қазақстанның 2020 жылғы экономикалық  қарқынына болжам жасады
268
оқылды

Дүниежүзілік банктің соңғы экономикалық баяндамасында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі биыл 4,0 пайызды құрағанымен, 2020 жылы 3,7 пайызға төмендейтіні айтылған. Бұл туралы Дүниежүзіліктің банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ішкі сұраныстың жоғары болуы, азық-түлік бағасының өсуі және айырбас бағамының әлсіреуі инфляцияның өсуін тудырды. Инфляцияның жылдық деңгейі өткен жылдың көрсеткішінен сәл асып түсіп, 2019 жылғы қазанда 5,5 пайызға дейін көтерілді, бұл Ұлттық банктің монетарлық саясатын қатаңдатуға алып келді» деген баяндамады 2020 жылы экономикалық өсу қарқыны біршама төмендейтіні айтылған.

«Соңғы екі жылда Қазақстанның ЖІӨ қалыпты қарқынмен өсті, бірақ экономикалық өсуді қолдау және нарықты кеңейту үшін шағын және орта бизнесті субсидиялау және несиелеу саясатын қайта қарастыру қажет», – дейді Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто.

Оның айтуынша, Қазақстанның экспорт географиясының кеңеюіне қарамастан, экспорт тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі салыстырмалы түрде төмен болып қалады.