«Астана аруы – 2019» байқауының жеңімпазы анықталды
«Астана аруы – 2019» байқауының жеңімпазы анықталды
216
оқылды

Нұр-Сұлтанда өткен «Астана аруы – 2019» байқауының жеңімпазы белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Байқауда 19 жастағы Айзада Хабиболлаева есімді бойжеткен жеңіске жетті.

Бірінші вице-ару – Ханзада Әзірбай. Екінші орынды 23 жастағы Наталья Фетоденкова алды. Ал үшінші орын 18 жастағы Қарлығаш Жанғаринаға бұйырды.

Айта кетейік, аталмыш байқауға 16 мен 24 жас аралығындағы 583 қыз қатысты.

Биылғы конкурс «Еріктілер жылы» аясында өтті. Әрбір финалист сынаққа дайындала отырып, волонтерлік қызметке белсенді қатысты. Қыздар өз қолымен шала туған сәбилерге арналған жүн шұлықтарын тоқыды. Сонымен қатар, олар балалармен бірге жаңажылдық ойыншықтар дайындаған.

мисс 2.jpg