Перу соты Билл Гейтске пандемияны «қолдан жасады» деген айып тақты
Перу соты Билл Гейтске пандемияны «қолдан жасады» деген айып тақты
216
оқылды
Перудегі Чинча және Писко апелляциялық соты Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс, инвестициялық банкир Джордж Сорос және кәсіпкер Джон Дэвисон Рокфеллерге коронавирус пандемиясын "қолдан жасады" деген айып тақты, - деп жазады ferra.ru.

Судьяның тиісті қаулысы өткен жылдың 21 желтоқсанында шыққан, деп жазады «Медуза».

Қаулыда пандемия — "жаңа әлемдік тәртіп авторларының" және  "әлемге үстемдік етуші криминалдық элитаның" ісі екені айтылады. Қаулының өзі адам зорлады деген күдікке ілінген тұлғаны қамап ұстау мерзімін ұзарту апелляциясына қатысты болып отыр. Қаулыда пандемияға Билл Гейтс, Сорос, Рокфеллер және басқа да бай адамдар ғана кінәлі деп көрсетілген.

Перудегі сот билігін бақылаушы орган судьяларға қатысты тергеу жұмыстарын бастап кетті.