Тоқаев 34 адам қаза тауып, 600-ден астам адамның зардап шегуіне байланысты көңіл айтты
Тоқаев 34 адам қаза тауып, 600-ден астам адамның зардап шегуіне байланысты көңіл айтты
157
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айтты, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы Сулавеси аралындағы күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Осындай қиын жағдайда біз индонезиялық достарымыздың қайғыларына ортақтасып, олармен бірге екенімізді жеткіземін. Сонымен қатар табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып, үйлеріне оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

  Бейсенбі күні Индонезияда 5,7 және 6,2 магнитудалы екі жойқын жер сілкінісі болды. Соның салдарынан 34 адам қаза тауып, 600-ден астам адам жарақаттанған. Сондай-ақ жер сілкінісі салдарынан жергілікті аурухана ғимараты құлап, медицина қызметкерлері мен емделушілер үйінді астында қалғаны белгілі болды.