Мәслихат хатшысы сайланды
Мәслихат хатшысы сайланды
200
оқылды

VII шақырылымдағы Шымкент қалалық мәслихатының бірінші сес­сиясы өтті. Сессияға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Онда жаңадан сайлан­ған халық қалаулыларына салта­натты түрде депутаттық куәліктері тапсырылды.

Сессияның төрағасы болып депу­тат Дария Қожамжарова сайланды. Басқосуда алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген ол күн тәртібіндегі ал­ғаш­қы мәселе – мәслихат хатшысын сай­лау екенін айтты. Әрі қарай «Nur Otan» партиясының Шымкент қа­лалық мәсли­хатындағы фракция жетекшісі Бекайдар Төлегенов сөз алып, мәслихат хатшысы лауазымына депутат Бахадыр Нарымбетовтің кандидатурасын ұсын­ды. Депутаттар бұл ұсынысты бірауыз­дан қолдап, Бахадыр Мәдәліұлы Шым­кент қала­лық мәслихатының хатшысы болып сайланды. Мұнан кейін халық қалаулылары Шымкент қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясын құрып, сан құра­мын бекітіп, оның мүшелері мен төра­ғаларын сайлады. Сессия соңын қала әкімі Мұрат Әйтенов қорытындылады. – Ел сеніміне ие болған азаматтар­ды депутаттық қызметке кірісуімен құттық­таймын. Бұл шақырылымда ал­ғаш рет мәслихаттың құрамына 3 пар­тия­­ның өкілдері енді. Депутаттар­дың арасында 8 әйел мен 29 жасқа толмаған 4 жас аза­мат бар. Осылайша, депутаттық корпус­тағы әйелдер мен жастардың үлесі 40 пайызға жетті. Олардың орташа жасы 42 жасты құрап, сапалық құрамы да жақ­сарды. Депутат­тардың арасында қала­дағы ең ірі ЖОО-ның ректоры, білікті ұстаздар мен дә­рігерлер, экономистер мен заңгер­лер, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, бел­сенді жастар мен қоғамдық ойдың көшбасшылары бар, – дей келе қала әкімі жаңадан сайланған депутат­тардың халық игілігі жолында атқаратын қыз­метіне сәттілік тіледі.

Абылайхан ЖҰМАШ