Жалған полицейден зардап шеккендер іздестіріліп жатыр
Жалған полицейден зардап шеккендер іздестіріліп жатыр
218
оқылды

Нұр-Сұлтанда өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырып, адамдарды алдаған жас жігітке қатысты іс тергеліп жатыр, — деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында: «Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті 1992 жылы дүниеге келген М есімді азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Аталған адам құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкері ретінде өзін таныстыра отырып, қала тұрғынын алдап, ақша бопсалаған», — делінген.

Анығы, күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынына жұмысқа орналастыру мен несие бойынша проблемаларын шешіп беруге уәдесін берген. Сондай-ақ өзінің атына автокөлікті тіркеуді, сондай-ақ «қызметі» үшін ақшалай сыйақыны талап еткен. Арнайы операция барысында қазір күдікті азамат ұсталды.

«Қазіргі уақытта алаяқтық және бопсалау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», — деп нақтылады Полиция департаменті.

Бүгінге дейін полицияға алданған үш азамат қана шағымданған. Полиция департаменті аталған күдіктінің іс-қимылынан зардап шеккендерді Бейбітшілік көшесі 19-үй мекенжайы бойынша ПД Тереу басқармасына келуді немесе 71-63-10, 71-60-30, 8-702 -755-03-55, 8-775-416-67-92 телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұрап отыр.