Қарағандыда 7 адам иістен уланды

Қарағандыда 7 адам иістен уланды

Қарағанды қаласында 7 адам иістен  уланды. Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, 16 қаңтар күні сағат 20.45-те Қарағандыдағы Кемеровская, 97 мекенжайынан (5 қабатты үй) белгісіз газға уланған 67 жастағы әйел ауруханаға жеткізілген, тағы 6 адам медициналық көмекке жүгінген. Болжам бойынша, уытты газ үйдің жертөлесінде тұрған генератордан шыққан.