Еуропа қар астында қалды
Еуропа қар астында қалды
253
оқылды
Еуропада қалың қар жауды, деп хабарлайды Euronews. Париж қалың қардың астында қалды. Сенбі күні француз астанасына жауған қардың қалыңдығы 4 см-ге жетті. Осыған орай елдің 32 департаментінде ауа райы қаупінің қызғылт сары 1-деңгейі жарияланып отыр. Иль-де-Франс астаналық өңірінде қардың соңы жауынға айналып, салдарынан ірі жол-көлік апаттары орын алды. Адам шығыны да бар. Қалың қар Бельгияның барлық аймағында жауып жатыр. Бельгия көшелерінде де қар қылаулады. Метеорологтар көлік жүргізушілер мен велосипедшілерге таяу уақытта жолдарда қауіпті жағдай сақталатындығын ескертіп отыр. Германияның оңтүстігінде қар тазалайтын көліктер күні бойы жолдарды тазалады. Қалың қар көлік бейберекетсіздігін алып келді. Ал елдің оңтүстік-шығысында Швейцариямен шекарада қалың қар салдарынан ағаш құлап, қарт әйелдің ажалына себеп болды.