Дәрігер коронавирустың жұғуын 250% арттыратын факторды атады

Дәрігер коронавирустың жұғуын 250% арттыратын факторды атады

Ресейлік дәрігер Александр Калинкин ұйқының қанбауынан адамға коронавирусқа қатысты қандай қауіп төнетінін айтты, - деп жазады Lenta.ru. Медицина ғылымдарының кандидаты ұйқының қанбауынан иммунитет әлсірейтінін, егер адам 5 сағаттан аз ұйықтаса, оның коронавирусты жұқтыру қаупі 250% артатынын айтады. Сарапшы ұйқы адам денсаулығының негізгі кепілі екенін және ұзақ өмір сүруге тікелей әсер ететінін айтады. Бұған дейін ғалымдар 2021 жылы коронавирусқа қатысты ахуал нашарлайтынын айтқан болатын.