Өздеріңізге мәлім, 10 қаңтар күні Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына сайлау өтіп, өз мәресіне жетті. «Nur Otan» партиясы республика бойынша қатысқан электораттың 71,09% немесе 5 148 074 азаматтың дауысына ие болып, Парламент Мәжілісінде 76 депутаттық мандатқа ие болды.
Ал Жетісу өңірінде «Nur Otan» партиясы 716 379 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 72,41%-ына ие болып, облыстық мәслихатта 37 депутаттық мандат бөлінді. «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық сайлауалды штабы қоғамдық қабылдау бөлмесінің сайлау науқаны кезеңінде атқарған жұмыстары, ұсыныс аманаттардың жиналуы бойынша ақпарат жарияланды. Үгіт-насихат жұмыстары «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасы аясында жүргізілді. Бұл партияның алдағы 5 жылға арналған нақты жұмыс жоспары болмақ. Үгіт-насихат науқанының басты қағидасы адамдармен тікелей және шынайы диалог орнату болды. Атап өтетіні, биылғы сайлауда тек «Nur Otan» партиясында өңірлік және аудан-қалалық сайлауалды бағдарлама бекітілді. Бағдарлама жобасы жетісулықтар арасында кеңінен талқыға түсіп, праймериз кезеңінде 1 012 ұсыныс түсті. Оның ішінде 81%-ы сайлауалды бағдарламаның жобасында қарастырылған. Партияның сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмелері 2020 жылғы 11 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 8 қаңтарға дейін жұмыс атқарды. Жалпы, науқан кезеңінде 777 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 3 455 азамат қабылданған. 707 қабылдауды партиядан партиялық тізімге енгізілген кандидаттар өткізсе, 70 қабылдауды партияның сенім білдірілген азаматтары өткізді. Штабалды қоғамдық қабылдау бөлмесіне барлығы 4 783 өтініш түскен, оның ішінде 36 өтініш жазбаша болса, Сall орталыққа 194 азамат хабарласып, өтініш білдірген. Электоралды науқан кезеңінде 1 778 аманат түскен. Түскен ұсыныс аманаттары саны мен саласы бойынша төмендегідей: ауылшаруашылық саласы бойынша – 33, тұрғын-үй коммуналды шаруашылық, елді мекендердің инфрақұрылымы жайлы – 929, тұрғын-үй, жер телімін беру, құжаттарды рәсімдеу – 122, банк және кредиттік ұйым жұмыстары жайлы – 27, азаматтардың құжатын тіркеу мен рәсімдеу – 13, денсаулық сақтау саласы – 94, білім саласы – 113, ұсыныстар – 13, әлеуметтік сұрақтар – 409, еңбек қатынастары жайлы – 25. Өтініштің барлығы қараусыз қалмайды. Облыстық-аумақтық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне жолданып, тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды. Олардың бәрі партия филиалдарының бақылауына алынды.Әбілмансұр ЖАСАН