Қазақстандық ауыр атлет лицензиялық Катар Кубогында топ жарды
Қазақстандық ауыр атлет лицензиялық Катар Кубогында топ жарды
565
оқылды

Игорь Сон биылғы әлем чемпионатынан да жүлдемен оралған.

«Дохада лицензиялық Катар Кубогы жалауын көтерді. Қазақстан командасы бұл жарыстың алғашқы жүлдесін иеленді», – деп жазады Olympic.kz.
Алтыннан алқа таққан Игорь Сон бұғандейін биылғы әлем чемпионатынан күміс жүлдегері атанған болатын. Дохада ол 61 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп 278 (124+154) келіні бағындырды. Жарыста бұл нәтижені еш спортшы қайталай алмады.

Екінші орынды түркменстандық Сейитжан Мирзаев (270 келі) иеленсе, үздік үштікті 270 келіні бағындырған италиялық Руи Давиде тұйықтап тұр. Әлем чемпионатында Игоь 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 266 келіні көтерген болатын.