Қазақстандық боксшы өзбекстандық қарсыласын нокаутпен жеңді
Қазақстандық боксшы өзбекстандық қарсыласын нокаутпен жеңді
335
оқылды

Осылайша Тоғамбай Сағындық халықаралық турнирдің финалына шықты.

Қарағандыда бокстан Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр. Тоғамбай Сағындық ауыр салмақта жартылай финалда жарыстың фавориті саналған өзбекстандық Әлішер Низомовты мерзімінен бұрын ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Екінші раундта Низомовтың бапкерлері рингке орамал лақтырып, бәсекеден бас тартуға мәжбүр болды. Осылайша дәрменсіз өзбек боксшысын жаңбырдай жауған жұдырықтан төреші арашалап алды.

Асқар Еркебаев пен Азамат Игібаев жаттықтыратын Тоғамбай биыл қарашада Ұланбатырда жастар арасында өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанған болатын. Бұл оның Азия біріншілігінен иеленген екінші алтыны. Отандасымыз сол жарыстың да финалда өзбек боксшысы Амиршох Самадовты 5:0 есебімен тізе бүктірген еді.