Қарағандыда жаппай төбелес болды
Қарағандыда жаппай төбелес болды
5,209
оқылды

Жапа шеккендер бар.

Қарағанды полициясы қаланың ойын-сауық мекемелерінің бірінде болған жаппай төбелеске қатысты қылмыстық істі тіркеді. Бұл туралы облыстың Полиция департаменті хабарлап отыр.

Жанжал 20 желтоқсан күні болған. Полицейлер оқиға орнында 29 бен 32 жас аралығындағы үш жергілікті тұрғынды ұстап бөлімшеге жеткізген. Олардың біреуі дәрігерлердің көмегіне жүгінеді. Ақ халаттылардың қызметі олардың 34 жастағы қарсыласына да қажет болған. Бірақ екеуін де ауруханаға жатқызбаған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293 бабының 2 тармағы бойынша (Бұзақылық) қылмыстық іс тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында төбелеске қатысушылардың кінә деңгейлері анықталатын болады.
«WhatsApp мессенджерінде таралған бейнероликте әйел адам өзінің күйеуін полиция қызметкерлері соққыға жыққанын хабарлаған. Оның бейнехабарламасы облыстың полиция департаментінің бақылауында болады. Төбелеске қатысушылар жауапкершіліктен қашу үшін кінәні полиция қызметкерлеріне аударып отыруы да мүмкін», – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.