Нұр-Сұлтанда жолдарды қар басып қалды
Нұр-Сұлтанда жолдарды қар басып қалды
188
оқылды
Нәтижесінде қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер тоқтап тұр. Ауа райының қолайсыздығы мен жолдарды қар басуына байланысты қала маңына қатынайтын №№ 307, 309, 311, 318, 321 бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылған. Бұл туралы "Астана LRT" хабарлап отыр. «Ауа райына, жолдарды қар басуына байланысты: NN 309, 311, 318 бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. NN 313, 314 бағдарлар Қызылсуат ауылына кірмейді. N 315 бағдар Ижевское ауылына кірмейді. N 310 бағдар Максимовка ауылындағы соңғы аялдамаға ауыл арқылы емес, тікелей трассадан келетін болады. NN 307 және 321 бағдардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. N 308 бағдар Қызылжар ауылына кірмейді», – делінген хабарламады. Сондай-ақ, сайтта Байырқұм көшесін қар басып қалуына байланысты №64 бағдар «Учебный центр технологии на транспорте» және «Электровоз құрау зауыты» аялдамаларына уақытша кірмей А-24 көшесімен жүретіні айтылған.