Президент міндетін атқарушы, Жогорку кенеш төрағасы Талант Мамытов «Қырғызстан Республикасының қайта сайланған президентінің қызметке кірісуіне байланысты салтанатты рәсімге дайындалу және өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы «Кабар» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Жарлыққа сәйкес, Қырғызстанда жаңадан сайланған президентті ұлықтауды ұйымдастыру комитеті құрылды.