Зардап шеккен 9 адамның бесеуі ауруханаға түскен.
Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жол апаты 21 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысында Самара – Шымкент тас жолының 859 шақырымында болған.
"11 автокөлік, соның ішінде екі жүк көлігі, сегіз жеңіл автокөлік және бір газель соқтығысты. Жол апаты салдарынан 9 адам зардап шекті, олардың бесеуі Хромтау қаласының ауруханасына жатқызылды", - деп ІІМ баспасөз қызметі.
Екінші жол апаты Әйтеке би ауданында болды. Екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Бұдан бөлек, Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты 60 автокөлік жолда қалып қойған. Барлық көлік кемпинг аумағына жөнелтілді. Жүргізушілер мен жолаушылар сол жерде жылынып, түнеп шықты.
ІІМ мәліметінше, облыстық полиция мен төтенше жағдайлар департаменттері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.