Теміртау тұрғыны қайта тірілді
Теміртау тұрғыны қайта тірілді
207
оқылды

Оған өліліер әлемінен қайта оралуға Әділет министрлігі көмектескен.

Үш жыл бойы өлілер тізімінде жүрген теміртаулық Игорь Николаев қайта қатарға қосылды. Ол жұмысқа тұру үшін қажетті құжаттарын жинап та үлгерген. Ол өзін қайта тірілтумен айналысып жүргенде зауытта жаңа жұмыс орны да ашылыпты.

Игорь Николаевтың жұбайы Елена Плотникова: «Оны газ-электр дәнекерлеуші қызметіне алуы керек болатын. Бірақ қазір оны газ-электр дәнекерлеушісі және электр дәнекерлеуші ретінде жұмысқа қабылдады. Бұл қызмет алдыңғысынан жоғары, разряды да көтерілетін болды. Мен біздің мәселемізді шешуге көмектескен Еуразия арнасының қызметкерлеріне алғыс айтамын», – деді.

Олар базадағы қателікті түзетуге алдымен өз беттерінше тырысып көрген. Бір ай бойы жауапты мекемелердің табалдырығын тоздырған олардың бұл әрекетінен түк шықпайды. Журналистердің араласуымен Игорь Николаевты базадағы өзімен толық аттас марқұммен шатастырып алғаны анықталған. Осыдан кейін әділет министрлігі бұл қатені түзеткен.