Қарттар үйіндегі өрттен 15 адам көз жұмды
Қарттар үйіндегі өрттен 15 адам көз жұмды
238
оқылды
Харьков қаласында қарттар үйі болған екі қабатты ғимарат өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «21 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 15:03-те (елорда уақытымен 19:03) Харьков қаласының Нижняя Гиевскя көшесіндегі 150 Б-үй өртенді. Өрт қарттар үйі болған нысанның екінші қабатында басталған. Сағат 16:05-те ғимараттан өлген 15 адамның денесі табылды, тағы 5 адам зардап шеккен», – делінген қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет таратқан хабарламада. Жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Оны сөндіруге 28 маман және 7 техника жұмылдырылған. Қайғылы оқиға мемлекеттік деңгейдегі төтенше жағдай деп белгіленді.