Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің тапсырмасымен әзірленген Қордың қаржылық тұрақтылығын арттыру жөніндегі шаралар аясында «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобының сыртқы қарызы 2019 жылы 650 млн. АҚШ долларына қысқарады деп күтілуде.
Атап айтқанда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ 780 млн. АҚШ доллары сомасындағы еурооблигазияларды мерзімінен бұрын өтеді, бұл ҚТЖ міндеттемелері үлесін қарыз жиынтық қарыз портфелінің жалпы мөлшерін тұрақты валютаға 57%-дан 36%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Қор нарық жағдайында топішілік қаржыландыруды дамытуды жалғастырып жатыр. 2019 жылдың қорытыныдысы бойынша еншілес ұйымдарды несиелеу 185 млрд. теңгеден астам соманы құрады, бұл инвестициялық жобаларды іске асыруды уақытылы жалғастыруға және Қор тобының шоғырландырылған қарызын ұлғайтпауға мүмкіндік берді.
Жоғарыда кқрсетілген сомаларға қосымша, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тобы ағымдағы жылдың 10 айында 2,6 млрд. АҚШ доллары сомасына мұнайға аванс беру бойынша міндеттемелер төмендеді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2019 жылдың қыркүйек айында акцияларды қосымша орналастыруды жүзеге асырды, онда Қор 128,2 млн АҚШ долларын (шамамен 50 млрд. теңге) тартты. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмасын орындау аясында акцияларды сатудан түскен барлық қаражат 2019 жылы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілді.
Бұдан басқа, Қор 2019 жылдың желтоқсанында «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ-ның 50% акциясын сатып алу бойынша мәмілені аяқтады. Бұл сатып алу Қорға «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ-ның 3-ші энергия блогын салу бөлігінде инвестициялық бағдарламасын іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік береді.
Айта кеткен жөн, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қор компаниялар тобының сыртқы қарызы 4 миллиард АҚШ долларына қысқарды.
Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті